Жарнама
Қоғам

Тұрғындардың мәселесі — басты назарда

Атырау қаласындағы «AMANAT SERVICE» қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараның мақсаты — тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдау, проблеманың шешімін табуға ықпал ету.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені жер телімін алу мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғын жұмысқа орналастыру, жеке кәсібін жүргізуге қолдау жасау сияқты сұрақтармен жүгінді.
Іс-шараға Атырау қалалық мәслихатының депутаты Айжан Сәрсембаева мен Әнуарбек Батаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқали, «Құқықтық көмек» жобасы аясында «Қазақстан Республикасы заңгерлер одағы» Атырау облыстық филиалы одағының төрағасы Нұрасыл Асылбекұлы, сондай-ақ атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
-«AMANAT SERVICE» қызмет көрсету орталығында қалалық, облыстық мәслихат депутаттары және мемлекеттік орган басшылары жиі қабылдау өткізіп тұрады. Биыл 2000-ға жуық азамат өздерінің өтінішімен келген. Оның 50-ге жуығы өз шешімін тауып отыр. Жиынға қалалық ғана емес, аудан тұрғындары да келіп, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, құқықтық даулар және тағы да басқа мәселелерді көтерді, — дейді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова.
Қоғамдық қабылдауға келген әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысы тіркеуге алынып, орындалу барысы бақыланады.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button