Жарнама
Қоғам

Төтеншеліктер мен әскери қызметкерлерге — мың алғыс!

Атырау облысы аумағында орын алған көктемгі су тасқынымен күресуге елеулі үлес қосқан әскери қызметкерлерді шығарып салу рәсімі өтті.

Қауіптің алдын алуға және жоюға көмек көрсету үшін Төтенше жағдай министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және т.б. күштер жұмылдырылған болатын.
Аталған шара Жылыой ауданынның Құлсары қаласында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Рақымды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды
Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов алғы сөз сөйлеп, Атырау облысын су тасқынынан қорғауға күш салған барлық қызметкерге алғыс білдіріп, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Алматы, Қызылорда облыстарының құтқарушыларына және ТЖМ №52859 әскери бөлімінің ұжымына Алғыс хат табыс етті.
Сондай-ақ, облыс әкімі Серік Шәпкенов жүкті жұмыла көтергеннің нәтижесінде қиындық еңсерілгенін атап өтті. Өңір басшысы су тасқынымен күресуге елеулі үлес қосқан Қорғаныс министрлігінің №30212, №5571, №6655, №82795 әскери бөлімдеріне және әскери госпитальдің ұжымын Алғыс хатпен марапаттады.
Үйлеріне аттанғалы тұрған құтқарушыларға ақ жол тілеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов бір топ әскери қызметкердің өңіріне «Хас батыр» төсбелгісін тақты.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА
Суретті түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button