Атыраулық 95 студентке «запастағы лейтенант» әскери шеңі берілетін болады

5421 Жаңалықтар

Атыраулық 95 студентке «запастағы лейтенант» әскери шеңі берілетін болады, деп хабарлайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі.

5421

28 маусымы мен 25 шілде аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы әскери кафедра студенттерімен далалық оқу-жиындары өткізілуде. Бұл оқу жиындардың басты мақсаты – студенттерге әскери кафедрадағы оқу процессі барысында жинаған теориялық білімдерді тәжірибе ретінде іске асыру, олардың оқу-есептік мамандығына байланысты машықтылығын жақсарту.

Жиын барысында студенттер жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыру, сондай-ақ, тәрбие жұмыстары мен идеологиялық, жаппай-спорттық, мәдени-сауықтыру іс-шараларын өткізумен айналысады.

Болашақ офицерлер «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Қаработан» оқу полигонына шығып, Макаров тапаншасы мен АК-74 автоматынан алғашқы атыстарын өткізіп, жаппай жою қаруларына қарсы, инжинерлік қамтамасыз ету нормативтерін орындады.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери каферда басшысы, полковник Қуандық Бердіғалиевтің айтуынша, аталмыш оқу-жиындар әскери кафедрадағы дайындықтың қорытынды сынағы. Бұл үдіріс Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығын жақсартып, оқытылған жұмылдыру резервін қалыптастыруға зор септік тигізетінің айтып кетті.

Жиын сонында студенттер салтанатты түрде ант қабылдап, Отанымыздың толықтай қорғаушысы құқығына ие болады.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз