Жарнама
Қоғам

«Теңіздің тамағы бітеліп тұр»

Өзен жағалап, өзек жалғаған біздің өңірдің шежіресі Жайықтың жағасынан басталады. Аймақтағы балық өнеркәсібін өркендетуге өлшеусіз үлес қосқандардың саналы ғұмыры қайықтың үстінде өтті. Ендеше, өткенді жаңғыртып, аға буынның өнегелі өмір жолын насихаттау мақсатында газетімізден «Балықшылық – байырғы кәсіп, халыққа нәсіп» деген тақырыпта жаңа айдар ашып отырмыз. Қадірлі оқырман, сіздің де бұл тақырыпта өзіндік пікір, айтар ойыңыз болса, редакциямызға хабарласуыңызды сұраймыз.

Атыраудың «тірі алтынына» айналған бекіре балығын ілгеріде тонналап аулаған ардагер балықшылардың бірі – Иван Қалмурзин. Оның да бүгінгі жас ұрпаққа айтар өз естеліктері бар.

Сонау 1952-1960 жылдары қала іргесінде орын тепкен Дамбы ауылындағы жүзбелі зауыттың жұмысшылары теңізден балық аулайтын. Оны өңдеп, тұздап, кептіреді де, жергілікті жердегі Гурьев балық құты комбинатына тапсырады. Ал, Балықшы ауданында ағаш бөшке жасайтын зауыт жұмыс жасады. Бұл еңбек ұжымында да жұмыс қызу жүріп жататын.

Жайық бойында орналасқан алты колхоздың (Амангелді, Құрманғазы, Қызылбалық ауылдары) тұрғындарының басым көпшілігі балық аулаумен айналысатын. Бір ғана мысал: 1997 жылы олар 7200 тонна балық аулап, тұздап, комбинатқа өткізген.

Қыста балықшылар Жайықтың жағасында қоғадан аула жасап, оған мұз жинайтын. Мұзды ойып, оны бес метр биіктікке көтереді. Жиналған мұздың үстін қамыспен жауып тастайды. Сөйтіп, жиырма градус салқын ауада сақталған балық екі жылға дейін де өзінің сапасын жоғалтпаған. Бертін келе, 2000 жылдары арнайы мұз даярлайтын зауыт іске қосылды.

Толығрақ газетімізден оқи аласыздар.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button