Батырғали Әбілмансұр – Олимпиада жүлдегері (+ФОТО)

IMG 20181020 WA0004 Жаңалықтар

Бүгін Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасы мәресіне жетті. Атыраулық каратеші Әбілмансұр Батырғали қола жүлдегер атанды.IMG-20181020-WA0004

68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбілмансұр алғашқы айналымда аргентиналық Хуан Мартинесті айқын басымдықпен жеңді. Екінші кездесуінде біздің спортшы жапондық Котаро Накамураға айла қалдырмады. Үшінші жекпе-жекте марокколық спортшыны жолдан тайдырған Әбілмансұр жартылай финалға жолдама алды.

IMG-20181020-WA0003Финал жолдамасына таласта Ә. Батырғали бельгиялық Квенти Махаудинмен кездесіп, тартысты кездесуде 3:1 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған жалғыз қазақстандық каратеші қола медальға қол жеткізіп отыр.
#atyrausport #атырауспорт

fb_img_1539956655479fb_img_1539956659935

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз