Жарнама
Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАДІРІН ҰҒЫНДЫРАДЫ

 

Басты арқауы – жарқын болашақ. Сол болашақтың қалауына сарп етілген ата-баба арманы,  қасиеті, тәуелсіздік алған кезеңдегі тәй-тәй басқан мемлекеттің тағдыры, сынағы көп өмір өткелдерін тануға болады. Соның біріне көз жүгіртсек, одақ тарап, 1991 жылы дүние жүзіндегі ең ірі Семей полигонын біржола жауып, Қазақстанды «ядролық қарусыз бірінші ел» деп тануы жан-жақты қозғалған. Ауқымды жұмыстың нәтижесінде Лиссабон хаттамасына қол қойылып, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қолдау тапқан кезеңдердің аса күрделі күрмеулері баяндалған. 

Жалпы, Елбасы кітапта қоғам қайраткері, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Әбдірахмановқа өмірі жайлы әңгімелей отырып, қоғам, заман туралы толғаныстарын да шебер өрнектеген.

Бұл кітапты түгел дерлік оқып шыққан оқырман нағыз ел патриоты бейнесінің қандай болатынын сезінеді. Өйткені, еңсесін енді тіктеген елдің ауыр тағдырын мойынына салып, жауапкершілік жүгін арқалап, үлкен еңбекқорлығының арқасында елінің өшкенін жандырып, әлемге Қазақстан атауын танытқан Ұлы тұлғаның бейнесі бұл кітаптың өн бойында өріліп тұр. Яғни, бүгінгі ұрпаққа қымбат ғибратты өнеге, ертеңгі ұрпаққа ұлағат  деуге әбден болады. Сауытбек Әбдірахмановтың айтқанындай, «Өмір өткелдері» басымыздағы бүгінгі бақыттың бағасын білуді, тәуелсіздікті қадірлеуді, қастерлеуді және оны күн сайын нығайтып отыруды үйретері хақ.

Сағынбай ТҰРҒАРИН,

Атырау облысы

әділет департаментінің

басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button