Атырау облысының әкімі жарақат алған полицейлердің халін біліп қайтты

284bb34b 6a6e 4e45 866d b58818b78b4f Қоғам

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық ауруханаға барды. Өңір басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен полиция қызметкерлерінің халін білді.

«Соңғы мәліметтер бойынша Атырау облыстық ауруханасына түрлі жарақаттармен 62 адам жүгінген. Олардың ішінде 7-еуі стационарға жатқызылды. Жалпы зардап шеккендердің 42-сі – әскери қызметшілер. Қазіргі уақытта ауруханада жатқан 5 науқастың жағдайы тұрақты, құқық қорғау органының 2 қызметкерінің халі – орташа ауыр», – деп мәлім етті Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев. Еске салайық, Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Коменданттық сағат тәртібінің орындалуын полиция, сондай-ақ арнайы мобильді топтар қадағалауда. Өңірде ахуал тұрақты, жағдай құзырлы органдардың бақылауына алынған. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау нысандары, балабақшалар, азық-түлік сататын нүктелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ҚазАқпарат.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз