ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Облыстық дін істері басқармасының теолог-маманы Ерғали Алпысбаев Исатай ауданына арнайы келді.

Екі күн бойы аудан имамы Құрметқали Бақтығұлов және аудандық білім бөлімінің бас маманы Сәбит Меңдібаевпен бірге жеті селолық округтегі он мектепті аралаған теолог-маман барлығы 1060 оқушыны қамтыған кездесулер өткізді. Шаралар барысында теолог-дінтанушы Ерғали Алпысбаев «Ислам және бейбітшілік», «Ислам құндылықтары» хақында уағыз-насихаттар оқыды. Дәстүрлі діндердің және түрлі ағымдардың арасындағы айырмашылықтарға тоқталды.

Ақтолқын АХМЕТЖАНОВА,
Исатай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз