Жарнама
Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІК САҚШЫЛАРЫ

Шараға елдің шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген №2016 әскери бөлімі мен Атырау қаласындағы жағалау күзеті өңірлік басқармасының №2201 «Г» әскери бөлімшесінің шекарашылары қатысты.
Кәсіби сала қызметкерлерін Батыс өңірлігі басқармасы басшысының орынбасары, полковник Асқар Ақынбаев құттықтады:
— Бүгін еліміздің қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің құрылғанына – 22 жыл. Сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет шекарамызды толық белгілеп алдық. Осы уақыт ішінде шекара қызметі өз қалыптасуының күрделі кезеңдерінен өтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті екенін көрсете білді. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! — деді ол.
Одан әрі құттықтау сөз кезегін №2016 әскери бөлімшесінің командирі Бауыржан Хамитұлы жалғап, мерекелік лебізін білдірді.
Ал, Атырау қаласындағы жағалау күзеті өңірлік басқармасының №2201 «Г» әскери бөлімінің басшысы Талғат Төребаев пен оның орынбасары Ризабек Еңсебаев шекарашылардың өте қиын, маңызды, әрі сұранысы жоғары мамандық иелері екенін айтып, ел қорғаған сақшылардың дендеріне саулық, қызметтеріне жетістік, отбасыларына амандық тіледі.
Одан әрі шекарашылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
* * *
Шекарашылар күніне орайластырылған салтанатты жиын Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет сарайында жалғасты.
Тәуелсіз еліміздің қалқанына айналған шекарашыларды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Амантай Айтбаев құттықтап, шаһар басшысы атынан №2016 әскери бөлімшесінің аға лейтенанты Мәди Әлібекұлына, №2201 «Г» әскери бөлімшесінің капитаны Василий Калимуллинге, №2201 «Г» әскери бөлімшесінің ІІ сатылы старшинасы Оксана Беларусоваға Алғыс хат табыс етті.
Құттықтау сөз кезегін «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әзмұханов алып, ел тыныштығын сақтауда шекара қызметінің маңызды сала екенін баса айтып, бір топ сала қызметкерін партия филиалы атынан Алғыс хатпен марапаттады.
Салтанатты жиын облыстық халық шығармашылығы орталығы мен әскери бөлім қызметкерлерінің қатысуымен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button