Жарнама
Қоғам

Қоғамдық қабылдау: «AMANAT» тұрғындардың мәселесін шешіп берді

«AMANAT SERVICE» қызмет көрсету орталығында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Абдолла Идресов қоғамдық қабылдау өткізді.

Кәсібін дамытуға көмек сұрап келген партия мүшесі, жеке кәсіпкер Досжан Турбековтің мәселесі Атырау  облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасына жолданды. Ал кәсіпкер Қабдрахман Мұқашев  қала іргесінен шаруашылыққа жер телімін алғысы келеді. 

         -ҚР Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес мемлекетік меншіктегі жер учаскелерін шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін уақытша жер пайдалану конкурс негізінде жүзеге асырылады. Сіз сұраған Кеңөзек ауылдық округі аумағынан алдағы уақытта берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің құжаттары дайындалуда, — деді Абдолла Хамиұлы. Сондай-ақ, төраға  «Ауыл аманаты» партиялық жобасының артықшылықтары мен тиімді тұстарын атап өтті.

Ал Сағи Қабдолованың ескі кәріз желісіне байланысты мәселесі өз  округі бойынша сайланған қалалық мәсихаттың депутатына жүктелді. Баспана мәселесімен келген зейнеткер Ақзия Жасимоваға ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы Заңына сәйкес тұрғын үй тек кезек реттілігі бойынша берілетіндігі түсіндірілді.

Оқу құралдары бойынша көмек сұрап келген көпбалалы аналар Кәмшат Жұмағалиева, Дамира Тілепқалиева және Әсел Ақдәулетоваларға «Үркер» БПҰ арқылы «Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясы аясында оқу құралын алуға сертификаттар табыстады.

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button