Облыс әкімінің орынбасары Финляндия елшісін қабылдады

img 20220922 wa0016 Қоғам

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев Финляндия елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист бастаған топ өкілдерімен кездесті. Қос тарап қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, смарт қала құрылысы, инвестиция тарту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өз кезегінде Қайрат Нұртаев тиімді әрі жемісті жобаларды қолдап, кез-келген ұсынысты қолдауға дайын екенін мәлім етті. 2022 жылдың қаңтар-шілде айындағы көрсеткішпен Атырау облысы мен Финляндияның сыртқы сауда байланысы 9,3 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 8,7 млн АҚШ долларына тең.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға қойған ең басты мәселе – елімізге инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу. Осы тұста екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, фин инвестицияларын тартуға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, медицина, сауда және басқа да салаларда бірлескен кәсіпорындар құруды бірігіп жүзеге асыруға әркез дайынбыз,-деді Қайрат Нұртаев.

Сойли Мякеляйнен-Буханисттің айтуынша, делегациялық топтың Атырау өңіріне іссапар мақсаты – қазақстандық және финляндиялық компаниялар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру үшін еліміздің батыс аймағымен, оның ішінде «мұнайлы астананың» әлеуетімен танысу.

Делегацияның ресми сапары ҚР Сыртқы Істер Министірлігі және KAZAKH INVEST ҰҚ АҚ тарапынан ұйымдастырылғанын айта кетейік.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз