Жарнама
Қоғам

Тату отбасы өнегесі

Өңірде наурызнама онкүндігі аясында отау құрғандарына 40, 60 жыл болған отбасылар мен «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері ұлықталды. Айтулы шарада шаңырақтың тұғырын биік ұстап, ұрпақ тәрбиелеуде озық жетістіктерге жеткен өнегелі отбасылар өз ойларын ортаға салып, татулық сырымен бөлісті. Айталық, Кушеновтердің отбасын құрғандарына 60 жыл, Құрманғазы ауданындағы кәсіпкерлер жанұясы, Габдушовтардың үйленгендеріне 40 жыл болған.

Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдері істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Зәмзагүл Жалмурзинаның айтуынша, мұнайлы өлкеде өмір жолы өнегеге толы отбасылар қатары көбейіп келеді. «Кейінгі буын солардан үлгі алады. Сөйтіп, отбасы институтын нығайта түсуге оң септігі тиеді деген ойдамын. Шаңырақ – киелі ұғым, отбасы – шағын мемлекет. Ал оның түтіні түзу үшін ерлі-зайыптылар екі жақтап еңбектенуі тиіс. Қуантарлығы сол, елімізде ұлттық мерекеміз көрісуден бастап тойланады. Өзіміздің салтымыз ұлықталып, көздің қарашығындай сақтап келе жатқан дәстүріміз қайта жаңғырады. Отау құрғандарына 40,60 жыл болған отбасылардан өміржолында қолданатын біраз жақсы істерді көңілге түйеміз»,-дейді Зәмзәгүл Хиданқызы.

Жылы жүзді кездесуде кештің қонақтары, «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері Асылұланбек Хансұлтанов пен Эльмира Жанбалаева, Артур Иманғалиев пен Эльза Қалиева сөз сөйлеп, шараға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button