ЖЫЛЫОЙДЫҢ ДА ӨЗ ЖЫЛЫЖАЙЫ БОЛАДЫ

Жылыой аудан әкімдігінде – «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қоғамдық-консультативтік кеңесінің отырысында қаралған мәселелерді талқылау сәтінде жылыойлықтарды бір жаңалық ерекше елеңдетіп, қуантып тастады.
ТШО-ның жергілікті қамтуды дамыту бөлімі бастығы Абат Оразбаевтың мәлімдеуінше, ауданда жылыжай салу жөнінде «Атырау-Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жобасын ұсынып, ол ТШО компаниясының мамандарымен талқыланған. Орайы келді деген ғой, оңды шешім қабылданыпты. Бөлім бастығы мәселе келесі жылдың басында, яғни қаңтар айының ішінде шешіліп қалатынын жеткізді.

Бұл мәселенің ұзаққа созылмай, мүмкіндігінше тездетіп жүзеге асып қалатынын мерзімінен бұрын аңдаған кеңеске қатысушы көпшілік дән риза болысты.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,
меншікті тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз