Жарнама
Қоғам

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ХАЛЫҚПЫЗ

 

Мемлекет басшысының Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау турасындағы бастамасы халықтан зор қолдау табуда. Өткенімізге үңілу, тарихымызды ардақтау мақсатында Атырау облысында да үлкен дайындық жұмыстары басталып кетті. Ерекше тоқталары, Қазақ хандығына біздің өңіріміздің тікелей қатысы бар. Оған дәлел – Қасым ханның өзі осы аймақта отырып, билік құрды. Қазақ хандарының ішінде өзіндік орнымен ерекшеленетін хан жеріміздің аумағын өсірген, жұрттың басын біріктіріп, ұлтты ұйыстырған. Сондықтан, Қасым ханның шежірелі тарихымызда алатын орны ерекше деп білемін.

Ал, Қасым ханның ізін жал-ғастырушы Хақназар хан еді. Ол–Еділ-Жайық арасындағы ұлтымыздың қалыптасуында, алғашқы мемлекеттің керегесін керіп, уығын бекітуіне үлкен үлес қосқан жан. Керей мен Жәнібектің есімдері де өңірімізбен байланысты. Біз келешек ұрпағымызға ұлтты қалыптастырушы тұлғаларымызды кеңінен насихаттауымыз қажет. Олардың өлшеусіз еңбегін жастардың санасына құю міндеті тұр.

Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ,

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы Атырау облысы филиалының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, өлкетанушы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button