ТАРИХИ ШАРАНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ
— Алғашқы мәслихаттың хатшысы болып сайланған Аманқос Сабырұлы оның жұмысын сара жолға қоя білгенін айта кету ләзім. Сондықтан, біз оның еселі еңбегін бағалап, ол кісінің атында турнир ұйымдастырғанды жөн көрдік. Ал, оған демеуші болып отырған – Аманқос Сабырұлының ұрпақтары, — дейді аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейісқали.
Осынау игі шарадан кейін депутаттар мен мәжіліс қонақтары «Арман» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 20 жылдығына арналған көшпелі мұражаймен танысса, одан соң ІІІ шақырылған Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты Алтыбай Арыстанғалиев туралы жазылған «Жүректе тұнған сағыныш» атты естелік кітаптың тұсауын кесу рәсіміне қатысты. Еңбек жолын өзі туған ауылда механизаторлықтан бастаған ол ферма меңгерушісі, округ әкімі сынды жауапты жұмыстарды мінсіз атқарып, ҚР Мемлекеттік сыйлығына, «Құрмет белгісі» орденіне ие болған жан. Кітаптың тұсауын аудан әкімі Мақсот Мұқанов, облыстық мәслихат хатшысы Сағындық Лұқпанов, аудандық мәслихаттың бес шақырылымының депутаттары Оңғар Жанықұлов пен Құлмағанбет Қоданов, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейісқали, аяулы жары Ғалия Ықыласовалар кесті.
Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мерекелік салтанатты шара аталған мерейтойға арналған мерекелік сессиямен жалғасты. Оған облыстық мәслихат хатшысы Сағындық Лұқпанов, облыстық мәслихат депутаттары Әділ Жұбанов пен Асылбек Жакиев, аудан әкімі Мақсот Мұқанов, аудандық барлық бес шақырылым депутаттары, ауданның Құрметті азаматтары, ардагерлер, аудандық бөлім басшылары мен қызметкерлері, округ әкімдері қатысты.
Алдымен, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейісқали «Қызылқоға аудандық мәслихатына – 20 жыл» тақырыбында баяндама жасады. Оның баяндауынша, елімізге қиын кезеңдерде ел сеніміне ие болған, жұдырықтай жұмылып, халықтың жоғын жоқтаған, алауыздыққа жол бермей, елдегі демократияның өркендеуіне үлес қосқан алғашқы 15 депутаттың бірқатары бүгінгі күні арамызда жоқ.
Ауданның алғашқы мәслихат хатшысы Аманқос Сабыров өз кезеңінде елге адал қызмет еткен, түрлі мінберлерден халықтың жоғын жоқтаған ардақты азаматтар Әбдеш Бисенов, Абдол Ермұқанов, Елтай Жұмағалиев, Аманбай Жұмашев сынды азаматтардың есімдері аудан тарихында мәңгі сақталмақ. Сондай-ақ, ІІ шақырылымда аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарған Хамит Әубәкіровтің іскерлігі, құжаттармен жұмыс жасаудағы ұқыптылығы аудандық мәслихат жұмысына тың серпін берсе, осы шақырылымның Айтжан Қуаныш, Берікқали Бақтыжан, Байдәулетова Рысбике, Жанбосынова Ғафура, Жасимов Төлеген сынды депутаттары өз округтерінің тыныс-тіршілігін жіті зерттеп, сессия мәжілістерінде ортақ пікірлерін ортаға салып отырды. Ауданның алға дамуы барлық салалардан көріне бастады. Ал, аудандық мәслихаттың ІІІ, ІV шақырылым депутаттары Жарылғаған Мыңбай, Имандосов Ғалымжан, Тәжіғұл Ақылбек, Базарбаев Талғат, Сәрсенғалиева Сапура, Есқуатова Дәмеш, Есқайыров Саламат, Бекешев Нұрлан, марқұм Арыстанғалиев Алтыбай, Жолдиев Лес сынды халық қалаулылары өз кезеңдерінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып, мәслихат сессияларында келелі пікірлерін ортаға салып, сессия шешімдерінің орындалуына атсалысып отырды.
Толқын Ермекқызының жан-жақты баяндамасынан кейін облыстық мәслихат хатшысы Сағындық Лұқпанов, аудан әкімі Мақсот Мұқанов, ІІ шақырылған аудандық мәслихат хатшысы Хамит Әубәкіров, аудандық мәслихаттың бес шақырылымының депутаты Құлмағанбет Қоданов, облыс, республикаға белгілі кәсіпкер Мұратай Сарманов, Мақат аудандық мәслихат хатшысы Табылды Жолмағанбетов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жәния Ізбасқан, Сағыз селолық округінің әкімі Серік Тұрыштар құттықтау сөз сөйледі. V шақырылым депутаты Қоданов Құлмағамбет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, Жанықұлов Оңғар ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Құрмет грамотасымен, депутат Сүлейменов Мәлік ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, депутат Жанбосынова Ғафура ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен, депутат Қосжанов Батыл «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасымен, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қанат Құмаров Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, шараға қатысқан облыстық мәслихаттың депутаттары Әділ Жұбанов пен Асылбек Жакиев бірнеше депутатқа Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 20 жылдығына арналған мерекелік медалін табыс етті.
Жалпы, бұл шара мәслихат тарихының мазмұнын терең аш-қан, рухани, мәдени өнегесі мол салтанат болғанын атап өткен ләзім.
Нұрлан ҚАБЫЛОВ,
Суретті түсірген
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ.