Облыс әкімі атыраулық аруларды мерекемен құттықтады

img 20210305 wa0144 Қоғам

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтады. 

    Салтанат сарайында өткен облыс әкімінің қабылдауына ардагер аналардан бастап, әр түрлі салада жұмыс істейтін әйелдер қауымы қатысты. Өңір басшысы елеулі еңбегімен дараланған ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар мен ардақты аруларды атаулы мерекемен құттықтай отырып, тәуелсіздік жылдарында еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан нақ осы әйел азаматтар екенін де атап өтті.

    Жиынға қатысқан  Қызылқоға аудандық  полиция бөлімі, ювеналды полиция инспекторы Сүйінова Айгерім:

    – Бүгінгі күн ерекше өтті. Облыс әкімінің қабылдауында болып, мерекелік құттықтауын тыңдау – біз үшін үлкен мәртебе. Ауру өршіп тұрған кезде елдегі дәрігерлер мен полицейлер жоғары дәрежеде жұмыс істеді. Әрине, қиын жағдайдың бәрі артта қалсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Барша әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! – деді.

Алпамыс Бауыржанұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз