Дархан Қалетаев жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйді кімдер ала алатынын айтты

large 1915c9d6 3101 401c abe2 65db891bde1e Қоғам

Atr. kz / 18 – ақпан. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың айтуынша, миллион халқы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынады.

 «Баспана жастарға жалға алу тәртібімен берілмек. Жалдамалы пәтерге үміткер бола алатын жастардың санаты осы аптада құзырлы органдармен келісіледі» деп хабарлайды Sputnik.

«Бізде балдық жүйе қарастырылған. Пәтер үш жыл мерзімге беріледі, осыдан кейін арнайы комиссия келісім-шартты ұзарту жайын қарастырады. Бұл бағдарлама бойынша жас отбасы пәтер алған кезде тұрғын үй банкінде бірден есепшот ашуы тиіс», – деді Дархан Қалетаев Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

1692822

Фото – Sputnik Казахстан

Сонымен қатар, жалдамалы пәтерге аталған қалаларда кемінде 3 жыл тұрған және 29 жасқа дейінгі жастар үміткер бола алады. Бұған қоса, жастар міндетті түрде заңды жұмыс істеуі керек. Пәтер берген кезде, азаматтың отбасылық жағдайы, балаларының бар-жоғы да ескеріледі. Әрбір көрсеткішке балл беріледі.

large 1915c9d6 3101 401c abe2 65db891bde1e
Фото – www.vsluh.ru

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің мәліметінше, Астана мен Алматыда 350, ал Шымкентте 300 пәтер салынады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз