Қоғам
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ОТБАСЫНДА
Теолог, дінтанушы Ерғали Алпысбаев ислам діні үлкен тәрбие мектебі екенін айтып, әр отбасы үлгілі болуға, әр адам өз ұрпағын көзі ашық, саналы, тәрбиелі адам болып қалыптастыруға тәрбиелеу керектігіне үндеді. Бұл пікірді Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев та қуаттады.
Бұдан кейін ата-аналар кеңесінің мүшесі Самал Ұлықпанова сөз алып, ұлттық тәрбиеге өріс ашу, жас ұрпақты жат ағымдардан сақтандыру турасында өз ой-пікірін білдіріп, бірлік пен топтасқандық, имандылық пен ибалылық, ізгілік пен қайырымдылық біздің тәрбиеміздің басты арқауы болсын, — деп тілек білдірді.
Теолог, дінтанушы Е.Алпысбаев пен ауданның бас имамы А.Исаев көпшілікті толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді.
Қаржау ОРАЗБАЕВ,
меншікті тілші,
Жылыой ауданы.