Жарнама
Қоғам

Таңмен таласа еңбекке кірісетін Жанат Мұстафин — жұмысшы мамандықтың жарқын үлгісі

img 0172

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай еліміздің әр өңірінде қарапайым еңбек иелерінің қызметі мен қоғамдағы рөліне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Солардың бірі — «Оқжетпес» шипажайының еңбексүйгіш қызметкері Жанат Мұстафин.

Жанат Мұстафин 2016 жылдан бері «Оқжетпес» шипажайының аумағын таза ұстауға және көрікті күйде сақтауға өз үлесін қосып келеді. Ол — мекеменің ең сенімді әрі жауапкершілігі жоғары қызметкерлерінің бірі.

Қарапайым, бірақ аса маңызды міндетті мінсіз атқарып жүрген Жанат Мұстафин таң шапағы атпай тұрып, күнделікті жұмысын бастап кетеді. Гүлзарларды ретке келтіріп, жаяу жүргінші жолдарын тазартып, демалушылар үшін жайлы әрі таза орта қалыптастыруға талмай еңбек етеді. Оның адалдығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында «Оқжетпес» шипажайы жыл сайын келушілерді табиғат көркемдігімен ғана емес, мінсіз тазалығымен де қуантады.

https://kaz.inform.kz/news/tanmen-talasa-enbekke-krsetn-zhanat-mustafin-zhumisshi-mamandiktin-zharkin-ulgs-1b9db5

Айта кетейік, Жанат Мұстафин тек аула тазалығына жауапты қызметпен шектелмейді. Бұған дейін ол құрылыс бөлімінде, күзет қызметінде және инженерлік-шаруашылық бағытта да еңбек етіп, жан-жақты маман екенін дәлелдеген. Түрлі салада жинаған тәжірибесі мен еңбекқор мінезі оның ұжымдағы беделін арттыра түскен.

Үш баланың әкесі Жанат Мұстафин отбасында да тазалық пен тәртіпке мән беріп, балаларына үлгі көрсетіп келеді.

– Шипажайдың аумағы — менің жауапкершілігім. Демалушылар жайлы жағдайда жүргенін көргенде, еңбегімнің зая кетпегенін түсінемін. Аула таза болса — көңіл таза, – дейді Жанат Мұстафин.
«Оқжетпес» шипажайының ұжымы Жанат Мұстафинді мақтан тұтады. Ол — жұмысшы мамандықтың абыройын биіктетіп жүрген нағыз еңбек адамы. Мұндай қарапайым еңбек иелерін дәріптеу — болашақ ұрпаққа үлгі болмақ.

img 0174
https://kaz.inform.kz/news/tanmen-talasa-enbekke-krsetn-zhanat-mustafin-zhumisshi-mamandiktin-zharkin-ulgs-1b9db5
https://kaz.inform.kz/news/tanmen-talasa-enbekke-krsetn-zhanat-mustafin-zhumisshi-mamandiktin-zharkin-ulgs-1b9db5

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button