Жарнама
Қоғам

Таңдау – өмірдің негізгі қағидасы

Адам өмірі – үздіксіз таңдау жасау процесі. Бала күнімізде біз үшін ата-анамыз шешім қабылдайды. Олар бізді қорғайды, бағыт береді, қандай ортада өсіп, қандай құндылықтарды бойымызға сіңіретінімізді анықтайды. Бірақ уақыт өте келе, біз өз таңдауымызға өзіміз жауап бере бастаймыз.

       ​Мақсаттарымыз біздің өмір жолымыздыайқындайды. Мәселен дәрігер болуды қалаған адаммедициналық университетке түседі. Отбасын құруды армандаған жан өзіне лайықты жартысын іздейді. Алүлкен армандар әрдайым үлкен жауапкершілікпен келеді. Өмір жолында кездескен қиындықтар, қателіктер, жеңістер – бәрі де өмірлік тәжірибе. Бұл тәжірибе бізді мынау әлемді түсінуге үйретеді.

        ​Адам күніне мыңдаған шешім қабылдайды. Кейбіреулері болмашы көрінгенімен, түптеп келгенде, олардың барлығы біздің өмір сапамыздықалыптастырады. Бір шешім – бір баспалдақ. Оны қай бағытқа қойсақ, өміріміз де сол бағытта өзгереді.

Біз әртүрлі қабілеттермен дүниеге келеміз, бірақ дұрыс шешім қабылдау дағдысы туа бітті қалыптаспайтынын білеміз. Ол уақыт өте келе, қателіктер мен сабақтар арқылы жетіледі. Өмірзаңдылықтары — баршаға ортақ. Сондықтан ең тиімді тәсіл – өз мақсатына жеткен адамдардың тәжірибесін зерттеу дегім келеді. Яғни өзімізге алдымен “Неқалаймын?” деп сұрақ қоямыз. Табысты адамдарды“Олар қандай шешімдер қабылдады? Қандай қиындықтарды жеңді?” деп, олар қолданған әдістерді зерделейміз. Бір сөзбен айтқанда, біреудің жолын дәл қайталау шарт емес, алайда пайдалы принциптерді өз өмірімізге сай қолдануымызға болады.

    ​Әрбір шешіміміз — өміріміздің кірпіштері. Егер біз дұрыс таңдау жасап, оның салдарын саналы түрдеқабылдасақ, өміріміздің құрылымы тұрақты болмақ. Ал егер біз өз таңдауымызға немқұрайлы қарасақ, онда болашағымыз кездейсоқтыққа тәуелді болып қалатын секілді.

     ​Өмірімізді жақсартудың кілті – саналы түрде шешім қабылдауды үйрену. Біздің бүгінгі таңдауларымыз – ертеңгі күніміздің айнасы. Сол себепті әрбір қадамымызға мән беріп, өз өміріміздің толыққанды авторы болайықшы дегім келеді.

 Камилла ҚҰРМАНҒАЗИЕВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Журналистика» мамандығының IVкурс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button