Жарнама
Қоғам

Тұтынушы құқығы қалай қорғалып жүр?

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәсе-лелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жаңашылдықтың нендей ерекшеліктері бар? Тұтынушылар құқығы қалай қорғалады? – Осы және өзге де сауалдар облыстық әкімдікте өткен жиынның негізі арқауы болды.

Мәжіліске қатысқан ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас инспекторы Розалина Ермекбаеваның айтуынша, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы», «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» кодекстерге және алты заңға тиісті өзгертулер енгізілді. Өзгерістер бүгінде мемлекеттік органдардың өкілдеріне кеңінен түсіндірілуде. Заңда тауарды сатуға, алмастыруға немесе қайтаруға қойылатын талаптар нақтыланған. Бұл ретте тұтынушылардың тауарды сатып алғанын айғақтайтын дәлелдемелер болуы міндетті. Түбіртек болмаған жағдайда, сатып алу кезінде түсірілген суреттер мен бейнежазбалар да дәлелдеме болып табылады.

«Заңда сондай-ақ, егер сатушыда (дайындаушыда) талап қою сәтінде алмастырып беруге қажетті тауар болмаса, сол уақыттан бастап 10 күнтізбелік күн ішінде алмастырып беру тәртібі қарастырылған. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң шарт жасасқаннан кейін материал мен құрал-жабдықтың бағасы айтарлықтай қымбаттап кеткен жағдайдағы орындаушының бекітілген сметаны арттыруды талап ету құқығына қатысты нормамен де толықтырылған. Егер тұтынушы сметаны арттырудан бас тартса, орындаушы шартты бұзуға құқылы» деді Розалина Асқарқызы.

 Айта кету керек, заңдағы өзгерістер тұтынушылардың мүдделерін толық қорғауды міндеттеп отыр. Осы тұрғыда уәкілетті органдарға да кейбір талаптарды атқаруға құқықтар берілді.

— Бұрын тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен оған қарасты басқармалар клиенттердің құқығын қорғау бағытында әкімшілік іс қозғай алмайтын. Ал, қазір департамент тарапынан әкімшілік іс жүргізіп және оның процесін қадағалау құқығы берілді. Бүгінде шеттен келетін тауарлардың сапасын қарау жөнінде міндеттер де жүктелуде. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтары жөнінде ақпараттандыру бойынша оқу орындарында арнайы бағдарлама енгізіледі, — деді облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ Зинуллин.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button