Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

big a86aab14aed0699d Білім

Атырау өңірінде жоғары оқу орындары түлектері үшін «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды.

big_a86aab14aed0699d

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев «Мемлекеттік қызмет мектебіне жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері қабылданады. Мақсатымыз – келешегін мемлекеттік қызметке арнағысы келетін жас маманның жоғары оқу орнының дипломымен бірге мемлекеттік қызметтің талап-дағдыларын да қоса меңгеріп шығуына көмектесу» дейді.

Мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларды оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізу арқылы мемлекеттік қызметтің іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді.

Майра Оразғалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Көгжал

    Мемлекеттік қызмет мек­те­бі жас көшбасшыларды оқыту, мем­ле­кеттік органдарда тағы­лым­да­мадан өткізу арқылы мемле­кет­­­тік қызметтің іс жүзіндегі дағ­­ды­­ларын үйренуге мүмкіндік береді.

  2. Көгжал

    Мемлекеттік қызметті дамыту – Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтып, қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгертуге, әрісі жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы атқарылатын ауқымды міндеттердің сапалы атқарылуына қатысты салмақты саясаттың көрінісі.

  3. Көгжал

    Мемлекеттік қызметтегі басты ұстаным – халыққа қызмет көрсету болуы тиіс.

  4. Көгжал

    халық қашанда бәрінен биік тұрады. Бұл салада еңбек ететін әрбір адам күш-жігерін халықтың игілігіне жұмсап, елге қолайлы жағдай туғызуы керек.

  5. Көгжал

    Осы орайда «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады» деген Елбасы сөзі әрбір мемлекеттік қызметші үшін, әсіресе, жастар үшін басты қағидаға айналуы тиіс.

  6. Көгжал

    Мемлекеттік қызметшілер – мемлекет дамуының қозғаушы күші. Қазіргі уақытта оларды әлеуметтік қорғау мен ынталандыруға ерекше көңіл бөлінуде.

  7. Көгжал

    Қоғамның кез келген саласында кадр мәселесінің маңызы зор. Әсіресе, мемлекеттік қызметте жүрген мамандардың білімді де білікті болуы мемлекеттік қызмет сапасының артуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз.

  8. Көгжал

    Ал әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы – мемлекеттік қызметкер. Сондықтан ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі де мерейлі міндет.

  9. Көгжал

    Елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру, өз халқы үшін қызмет ету – түсіне білгенге зор бақыт.

  10. Көгжал

    Жастар өзінің білімдерін шыңдап, мемлекеттік қызметке дайындалады деп ойлаймыз.

  11. Көгжал

    Осы мектепте бәрін тәжірибе жүзінде көріп, біліп, мамандардан сабақ алсақ болашақта қызметке тұруға мүмкіндік ашылады деп ойлаймын

  12. Көгжал

    мемлекеттік қызмет мектебі – оқу ордаларының бітіруші студенттерін мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізуді қарастырады. Бұл тәсіл түлектердің қызметке орналасуы кезінде таңдау жасауына ықпал етеді