Жарнама
Қоғам

СЫНДАРЛЫ БАСТАМА

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру арқылы елімізде тұрақтылық сақталып отыр. Экономикамыз дамуда, халық әлеуметтік қамқорлықтан кенде емес.

Мемлекетіміздің басты құндылығы – бейбітшілік, келісім және ұлттық бірлік болып табылады. Ал, елде мекен ететін барлық ұлт өкілдерінің басын біріктірген саяси тұрақтылықтың басты элементі, бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ассамблеяның негізгі міндеттері – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тығыз қарым-қатынастарын, ел бірлігін қалыптастыруды, қазақстандық қоғамның дамуы үшін қолдауды қамтамасыз ету.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстандағы да­му­дың, ты­ныш­тықтың, ауыз­бір­ліктің ұйытқысы, сыртқы саясатты ұтымды жүр­гізіп, ішкі тұрақтылықты қам­тамасыз етудің үлгісі ретінде білемін. Сол себепті, біз  алға өрлеу  жолымызды Елбасымызбен бірге  жалғастыруымыз керек.

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі ретінде Ассамблея кеңесінің мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысын толық қолдаймын.

Гүлсина БАЙКЕНОВА,

«Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button