Жарнама
Қоғам

Сын сағатта жұрт болып жұмылдық

«Биылғы көктемгі су тасқынына қарсы күресте Үкімет, мемлекеттік органдар, құзырлы мекемелер және еріктілер бірлесе жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде 119 мыңнан астам адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 45 мыңға жуығы – балалар. Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық».

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында атап айтқан бұл сөздері бәрімізге үлкен ой салды, жігерлендірді, ерекше күш-қуат берді.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қай уақытта да, қандай қиындықта да бекем болуға, ынтымақтаса іс қылуға үндеді. Береке-бірлікке шақырды. Осылайша, бұл жолы да біз күш біріксе алынбайтын қамал жоқтығын нақты әрекетімізбен дәлелдеуге жұмылдық. Соның жарқын үлгісін көрсету мақсатында тізе қоса еңбек еттік. Тек татулық бар жерде тірлігіміздің де берекелі боларының айқын көрінісі бұл. Лайым солай болғай!

Гүлнәр БЕКБАЕВА,

Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button