Жарнама
Қоғам

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Мәлімделгеніндей, енгізілген түзетулерді есепке алғанда 2013 жылы республикамызда барлығы 43 заң жобасы дайындалған. Соның үшеуіне Мемлекет басшысы қол қойған, яғни заңдық күшіне енген. Сол сияқты, 32 заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылып, қалған 8-і желтоқсан айының 18-індегі Үкімет отырысында таныстырылып, тұсауы кесілген. Осы жылдың аяғына дейін оларды да мәжілістің қарауына беру көзделген. Жалпы алғанда, 2013 жылы елімізде ұзын-саны 81 заң жобасы даярланып, өткен жылғы деңгейден 70 пайызға артқан.
Баяндалғандардың бәрін мұқият тыңдап, қаперге алған Премьер-министр Серік Нығметұлы, орын алған олқылықтар мен кемшіліктерге қарамастан ағымдағы жылы мемлекетіміздің заң шығару саласында да тілге тиек етуге тұрарлықтай шаруалардың оңғарылғандығын атап өтті.
Үкімет мәжілісінде, сондай-ақ, мемлекетіміз үшін аса маңызды мәселелердің бірі саналатын су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы да талқыланды. Бұл жайында Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров хабарлама жасады.
Республикамыздағы су тапшылығын азайтуға бағытталған бағдарлама жобасы толығымен мақұлданып, қабылданған жағдайда, 2040 жылға дейінгі мерзімде оның тұтыну көлемін қазіргі деңгеймен салыстырғанда 25 млрд. текше метрге немесе 56 пайызға ұлғайту ықтимал көрінеді. Алайда, қолдағы есеп-болжамдарды ескерсек, көрсетілген мерзімдегі қолжетімді, яғни нақты су ресурстарының көлемі тек қана 13 млрд. текше метрді құрап, қажетті көлемнің тең жартысынан астамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жерде сол кездің өзінде елдегі су тапшылығының кем дегенде 12 млрд. текше көлемінде қалатындығы өзінен-өзі түсінікті.
Осы жағына баса назар аударған министр мемлекетімізде суға деген қажеттіліктің өсіп кетуін жылдан-жылға жалғасып келе жатқан экономикалық сұраныстың артуымен (орташа есеппен 1,6 пайызға) түсіндірді. Бұдан басқа, болашақта күтіліп отырған республикамыздағы тұтынушыларды жабдықтау көлемінің қысқартылуы көршілес мемлекеттерден келетін су қорының азайтылуымен байланысты болуы мүмкіндігін де жоққа шығармады.
Жылжабар мәжілісті қорытындылаған Үкімет басшысы Серік Ахметов басқосуда қаралған екі мәселенің де маңыздылығына тоқтала келе, бағдарламаға енгізілген іс-шаралардың уақтылы да сапалы, тиянақты атқарылуы мүдделі тараптардың, соның ішінде аймақтар мен өңірлерді басқарып отырған әкімдердің белсенділігі мен іскерлігіне, істі ұйымдастыру шеберлігіне байланысты екендігін тағы бір мәрте қаперледі.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button