Жарнама
Қоғам

Су тасқынынан қорғауға арналған қап жеткізілуі мүмкін

Биыл елімізде болған су тасқыны ауқымды табиғи апатқа айналды. Қазақстанның 8 өңіріндегі елді мекендер зардап шегіп, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің қатарында Атырау облысы да бар. Бұл су тасқынының салдары алдын ала шаралар қабылдаудың, «үлкен суға» дер кезінде және тиімді дайындалудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Осы аптада Братиславада (Словакия) Қазақстан Республикасының Елшілігінде Атырау облысы әкімдігінің өкілдері Қайрат Нұртаев пен Нұрлан Жантоқовтың су тасқынынан қорғау саласында үлкен тәжірибесі бар словакиялық компаниялармен келіссөздері өтті. Бұл келіссөзге Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов та қатысқан болатын. «Словакия-Қазақстан» іскерлік ынтымақтастығы қауымдастығының президенті Петер Олеяр мен «Audov Group» компаниясының басшылығы «Aqua Bag Stop» су тасқынынан қорғауға арналған абсорбциялық қаптарды жеткізуге дайын екендігін білдірді.

– «Audov Group»  өнімі сумен жанасқанда көлемі 35 есе кеңейеді және аумақты су басуынан қорғауға, сондай-ақ суды ағызатын бөгеттер салуға арналған. Қаптарды төтенше жағдайларда да, күнделікті істе де, үй-жайларды тез кептіру үшін өндірісте де қолдануға болады. Атырау облысы әкімдігінің басшылығы словакиялық компаниялардың өнімдерін жеткізуге, сондай-ақ, осы өнімдерді Қазақстанда технологиялар алмасу арқылы бірлесіп өндіруді ұйымдастыруға қызығушылық танытты. Тараптар сұраныстар мен ұсыныстарды жан-жақты зерделеуге келісті. Бұл маңызды келіссөздерді Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшісі Төлежан Барлыбаев 2020 жылы қол қойылған су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Словакия ведомствоаралық меморандумы аясында ұйымдастырғанын атап өткім келеді. Словакияның су ресурстарын басқаруда көп жылдық табысты тәжірибесі бар, — деді Дүйсенбай Нұрбайұлы. Бұл елде 350-ден астам су шаруашылығы, гидроэнергетика және тасқынға қарсы инженерлік құрылыстар, су қоймалары мен бөгеттер, сондай-ақ, ирригациялық жүйелер бар. Мәжілісмен словакиялық тәжірибе біздің еліміз үшін пайдалы болуы мүмкін екендігін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button