Астанада өткен республикалық форумда атыраулық меценаттар марапатталды (ФОТО)

IMG 6758 Жаңалықтар

Жуырда Астана қаласындағы «Астана Мюзик Холл» кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясын қорытындылау мақсатында Қазақстанның қайырымдылық жасаушыларының ІІІ форумы өтті.

IMG_6758

«Қайырымдылық керуені» шарасына Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестік басшылары, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, Атырау облысы ҚХА хатшылығының басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы мен бөлім бастығы, он меценат қатысты.

IMG_6759

Форумда қайырымдылықты дамыту және өңірлерде «Туған жер» бағдарламасын іске асыру туралы өзекті мәселелер талқыланды. Осылайша қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың кезекті форумы жоғары деңгейде өтіп, Атырау облысы «Мұнайсервис ЛТД» ЖШС-нің директоры Мағауия Мерғалиевке Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі тағылды. Сондай-ақ, Атырау облысынан барған барлық қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбайдың Алғыс хатымен марапатталды. Қашаннан, қай заманнан қолынан келгенше мұқтаж жандарға қайырым етіп, барымен бөлісіп отыратын азаматтар аз болмаған. Оларды сол кезде «қолы ашық, мырза кісі!» деп мақтаса, қазіргі күнде жаңаша атаумен – «меценат» дейді.

Иә, жақсылыққа – қайырымдылықпен, мейірімділікке – ізгілікпен, достыққа адалдықпен қарап, бір-бірімізге барынша қамқор болайық, ағайын. Бұл өмірде бәрі де өткінші, бәрі де уақытша екенін түсінсек, достық пен татулықтан, адалдық пен мырзалықтан артық ештеңе жоқ.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз