Жарнама
Қоғам

Су басу қаупі сейілді

Тәулік бойы дамылсыз еңбектің нәтижесінде Қызылқоға ауданындағы су басу қаупі сейілді.

Миялы ауылында су тасқынының алдын алу шаралары аудан әкімдігінің және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен жүйелі жүзеге асырылды, — деп хабарлайды аталған департаменттің қоғаммен байланыс тобының өкілдері.

— Наурыздың 28-інен бастап ауыл тұрғындары, төтенше жағдайлар департаментінің, аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және еріктілер жұмыла әрекет етіп, Ойыл өзені бойындағы бөгеттердің осал жерлерін нығайтты. Мыңдаған қап топырақ төсеп, тәулік бойы қауіпті жерлерге бақылау бекеттерін ұйымдастырған болатын. Бүгінде жедел штабтар жұмыс істеп тұр. Ойыл өзенінің су деңгейін бақылау үшін тәулік бойы мониторинг ұйымдастырылды. Миялы ауылында Ойыл өзенінің су деңгейі 4,80 метрге көтерілген болатын. Қазір бұл көрсеткіш 0,40 метрге төмендеп, 4,40 метрді құрайды. Су басу қаупі сейілді, — дейді департаменттің ресми өкілдері.

Аудандағы қазіргі ахуалды мәлімдеген сала мамандары бұл тәулік бойы бірлесіп атқарған дамылсыз еңбектің, жұмыла көтерген жүктің нәтижесі екенін атап айтып, қауіптің алдын алу жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button