Жарнама
МәдениетҚоғам

«Старый добрый Гурьев» атты тарихи кітаптың тұсаукесері өтті

Атырау қаласындағы «Халықтық кітапханада» «Былина» орыс этномәдени орталығының ұйымдастыруымен жергілікті  жазушы Валентин Тарабриннің «Старый добрый Гурьев» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Көне Гурьев – жазушы көзімен

Жаңа жинақтың авторы Валентин Владимирович Атыраудың тумасы, Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1998 жылы Ресейге қоныс аударған ол Ресей Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі.  2004, 2010 жылдары «Гурьев. Своими словами», «Город у светлой реки», «Легенды старого Жилгородка» атты очерктер мен әңгімелер жинақтарын оқырман қауымға ұсынған жазушының жаңа туындысында 1640 жылы Жайықтың Каспийге құяр сағасында іргесі қаланған көне шаһардың өткен тарихы туралы архивтік құжаттармен жан-жақты баяндалады. Аталмыш жинақ – ұжымдық еңбек. Мұнда белгілі ғалым-тарихшылардың, саяхатшылар мен жазушы-журналистердің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, қоғам қайраткерлерінің естеліктері жарияланған.

Гурьев қаласының төрт ғасырға жуық тыныс-тіршілігінен мағлұмат беретін туындыда жарық көрген очерктер мен публицистикалық мақалаларда қаланың  ежелгі тарихы ғана емес, осында өмір сүрген халықтың тұрмыс-салты мен мәдениеті де көрініс тапқан. Кітап мектеп оқушылары мен оқу орындары студенттерінің өлке тарихымен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.

– ХХІ ғасырға нық қадам басқан Тәуелсіз Қазақстанның мұнайлы астанасы – бүгінгі Атыраудың бүгінгі тарихын жазуды келер ұрпақ еншісіне қалдырып отырмын. Менің сүйікті қаламның жыл өткен сайын ажарланып, келбетінің көз тартарлықтай сұлуланып бара жатқанына қуанамын, — деді жазушы жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімінде.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button