Атырауда ажырасқандар саны артты

iStock 82699391 LARGE Қоғам

Атырауда неке бұзу былтырғымен салыстырғанда 5 %-ға көбейген. Олардың басым көпшілігі 27-50 жас аралығындағы отбасылар. Бұл туралы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева айтты.

503707796

Оның айтуынша,  өткен жылдың бірінші жартыжылдығында неке бұзушылар саны 496 болса, биылғы 6 айда 521-ге дейін өсті.

Соңғы екі жылдағы көрсеткіштерді салыстырсақ, неке бұзу былтырғымен салыстырғанда 5 %-ға көбейген. Көбіне 27-50 жас аралығындағы жұбайлар жиі ажырасады. Себебін мінездерінің келіспеушілігінен және ортақ сәбилерінің болмауынан деп түсіндіреді. Жалпы, қалпына келтіру үшін шығарылған акті былтырғымен салыстырғанда екі есеге көбейіп отыр, себебі бала асырап алу былтырғыға қарағанда көп, – дейді Н. Хабиева.

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, Атырауда өлім көрсеткіші 2017 жылға қарағанда 5,9 %-ға өскен, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың өлімі көп және жүрек, бауыр, бүйрек ауруы салдарынан қайтыс болу фактілері көбейіп отыр.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз