Жарнама
Қоғам

Серік Шәпкенов бала санына қарамастан барлық анаға жәрдемақы төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте тілшілер қоғамда талқыланып жатқан жәрдемақы мәселесін көтерді.

«Көпбалалы отбасыларға бала санына қарамастан, 4 АЕК көлемінде жәрдемақы төлене бастағаннан кейін халық арасында тура сондай әлеуметтік көмек барлық анаға төленуі керек деген ұсыныстар айтыла бастады. Бала санына да қарамау қажет. Себебі әрбір ана баланың тәрбиесі мен оқуына көп күш салады, шығын да аз емес. Осы іспетті «балалар жәрдемақысын» енгізу жоспары жоқ па?», — деді журналистер.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуынша, бүгінде жүктіліктен бастап бала туу мен бір жыл қарау бойынша жәрдемақы барлығына бірдей төленеді. Ал көпбалалы отбасыларға бала санына қарамастан, жәрдемақы енгізудің өзіндік себебі бар.
«Біріншіден, бұл жәрдемақы демографиялық жағдайды жақсарту үшін енгізілген болатын. Мысалы, 2019 жылы елімізде 252 мың көпбалалы отбасы болса, 2020 жылда ол көрсеткіш 428 мың отбасыға дейін жеткен. Екіншіден, біз көпбалалы отбасылар табысын арттыруды көздедік. Сондықтан бала санына қарамастан төленетін жәрдемақы тек көпбалалы отбасыларға арналып отыр. Ал барлық анаға жәрдемақы төлеу мәселесі министрлікте қаралып жатқан жоқ», — деп атап көрсетті Шәпкенов.
Айта кетері, былтыр 1 қаңтардан кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған болатын. Алайда жәрдемақы мөлшері жеті баламен шектеліп қалған еді.

  • 4 балаға – 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.
    Яғни, сегіз және одан көп баласы барлар да 74 388 теңге алып жүрді. Осыдан кейін аналар мұның әділетсіз екенін айтып шағымданды. Бұдан соң жәрдемақы тағайындау қайта қаралды.
    Сегіз баласы бар отбасылар – 88 896 теңге, тоғызы баласы барлар – 100 008 теңге, он бала үшін – 111 120 теңге, 11 баласы бар жанұялар – 122 232 теңге, 12 баласы барлар – 133 344 теңге, 13 бала үшін – 144 456 теңге, 14 бала тәрбиелеп отырғандар – 155 568 теңге, 15 баласы барлар – 166 680 тңге, 16 бала үшін 177 792 теңге жәрдемақы алады.

Sputnik Қазақстан

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button