Ауған соғысы ардагерлері Сәтжан Маралов пен Майра Жазықбаева естеліктерімен бөлісті (+ФОТО)

IMG 20190125 WA0020 Қоғам

           Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 30 жыл. Осыған орай,  Атырау  қаласындағы №14 орта мектепте жауынгер-интернационалистермен кездесу өтті.

IMG 20190125 WA0019

Шара өткен тарихқа зер салып, оқушыларға Ауған оқиғасының тарихи мән-мағынасын ашып түсіндіру, жауынгерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Басқосуға Ауған соғысы ардагерлері Сәтжан Маралов пен Майра Жазықбаева  қатысты. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының әкелері, Ұлттық Ұлан 5546 әскери бөлімінің қызметкерлері арнайы шақыртылды.  

IMG 20190125 WA0020

2016 әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары,  штаб бастығы, подполковник  Тимур Тайсенгіров,  тәрбие және әлеуметтік құқықтық бөлімінің аға офицері, майор Нұрбек Орақов та кеш қонағы болды.  Ардагерлер  оқушыларға өз естеліктерін, Ауған жеріндегі соғыс қимылдары мен қиыншылықтары жайында әңгімелеп,  жас буынға бейбіт өмірдің бағасын біліп, жақсы тәрбие-білім алуға шақырды.

Нұрханым  НҰРҚАЙЫРОВА,

№14 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз