Жарнама
Қоғам

Сенат спикері жасанды интеллект қаупі туралы айтты

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Сенат төрағасы өз сөзінде жасанды интеллект тақырыбына тоқталды.

«Адамзаттың алдында тұрған және көптеген пікірталастар тудыратын тағы бір өзекті мәселе-нейрон желілер мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы. Бүгінде цифрлық технологиялар прогресс үшін кең мүмкіндіктер ашады, бірақ сонымен қатар жаңа сын-тегеуріндерге ие», — деді Әшімбаев.

Сенат төрағасы жаңа мүмкіндіктер деструктив бағытта пайдаланылған жағдайда туындайтын үлкен тәуекелдер туралы айтты.

«Сарапшылардың пікірінше, ақпараттық саладағы басты қауіптердің бірі әдейі жалған ақпарат пен фейктердің таралуы болып отыр. Осы мақсаттарға жасанды интеллект ресурстары да тартылуы мүмкін. Бұл этникалық, діни және әлеуметтік топтар арасындағы түрлі қақтығыстарға алып келуі мүмкін», — деді Әшімбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button