Жарнама
Қоғам

Сәтбаев көшесіндегі өрттен 8 бала эвакуацияланды

Атырау қаласының өрт сөндірушілері өрт кезінде 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.

Бұл туралы облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады. 15 тамыз күні сағат 13.44-те Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 23 үй мекен-жайында пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезде, бесінші қабаттағы 12 шаршы метрлік пәтерде үй заттары, жиһаз және тұрмыстық техника жанып жатқаны анықталды.

«Департамент күшімен баспалдақ маршы бойынша подъездің пәтерлерінен 14 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Сағат 14.08-де өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 6 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды» дейді мамандар.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button