Жарнама
Қоғам

САЛЫҚТЫҚ-ТЕКСЕРУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

 

Салықтық тексеру жүргізу туралы хабарламаны табыс ету төмендегідей жағдайда жүзеге асады:

1. Мемлекеттік кірістер органдары ҚР Салық Кодексінің 631 бабы негізінде, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:

– резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына;

– резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;

– дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына;

– салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүзеге асырылатын салықтық тексерулерді қоспағанда, ішінара кешенді және (немесе) тақырыптық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын, салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе тапсырады.

2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жіберіледі немесе тапсырылады.

Тапсырысты хатпен хабарлап, пошта арқылы жіберілген хабарлама пошта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, жоспарлы кешенді және (немесе) жоспарлы тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүргізіледі.

4. Хабарламада салықтық тексерудің түрі, тексерілуге жататын мәселелердің, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

5. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуының немесе жойып жіберуінің негізделген тәуекелі бар болған не тексеруді жүргізуді мүмкін емес ететін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталуы туралы хабарламастан, салықтық тексеруді бастауға құқылы.

Қалихан ЕРЖАНОВ,

 Атырау облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті,

аудит басқармасының басшысы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button