БІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті газет ұжымы!

Сіздерді облысымыздың рухани айнасы - «Атырау» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толу мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен ғасырда «Ерік» атты шағын газеттен бастау алған басылым осынау жылдар ішінде қызығы мен қиындығы мол үлкен белестерден өтті. Бір ғасырға жуық уақыт халықпен бірге жасасып, елдің тұрмыс-тіршілігі мен мемлекетіміздің дамуын қаз-қалпында көрсетіп келе жатқан «Атырау» газеті - облыстағы өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым.

Талай заманның белгісі бар «Атырау» ел тарихындағы оқиғалардың бірде-бірін назардан тыс қалдырмады. Халықтың қуанышы да, қасiретi де газет бетiнде тұрды. Ашаршылық пен Ұлы Отан соғысы жылдарында да газет өз жұмысын тоқтатпай, халықты сабырлылыққа шақырып, рухани демеу болды.
Ел дамуының барлық саласына белсене араласып, ұлттың ұйытқысы болып, ынтымағымыздың нығаюына сүбелі үлес қосып келе жатқан «Атыраудың» ардагер журналистеріне ризашылығымды білдіремін.
Бүгінгі «Атырау» — Елбасы саясатын халыққа жеткізіп отырған, елдің бүгіні мен ертеңін жаңа қырынан жазып келе жатқан, айтар ойы салмақты басылым. Газет ұжымы қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғап, олардың әлеуметтік мәселелерін батыл көтеріп келеді. Соның нәтижесінде мені басылым тиражының жыл сайын өсіп келе жатқандығы қуантады.
Әлем таныған бүгінгі Қазақстанның батысындағы экономикалық әл-ауқаты жоғары Атыраудың өсуінде, дамуында және көркеюінде Сіздер қосқан үлес қомақты.
Әрдайым осы бағыттан айнымай, халқымызға, ұлты-мызға адал қызмет етудің бұдан да биік белесіне көтеріле беріңіздер.
Бүгінгі мерекеде облыстық «Атырау» газетінің ұжымына, барлық журналистерге шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс тілеймін!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз