Жарнама
МәдениетҚоғам

Республикалық «Фариза оқулары» өтті

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық форумы аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған Республикалық көркемсөз оқу шеберлері байқауы болып өтті.

Өлең, мен сені аялап өтем

Қазақтың көрнекті ақынының жалынды жырларын халық арасында кеңінен тарату мақсатына негізделген шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген поэзия падишасының  жыр жолдарын жатқа соғатын үміткерлер жиналды. Сайыс барысында олар ақынның отансүйгіштік рухты оятар, туған халқын сүюге, құрметтеуге арналған бір шығармасын және еркін тақырыпта бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқыды. Қазылар алқасы үміткерлердің өлеңді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына назар аударды.

Байқау барысында ақынның сөзіне жазылған және оған арналған әсем сазды әуендер қалықтап отырды.

Сайыс қорытындысында бас жүлдені атыраулық Әйгерім Қабдешова иеленіп, батыс қазақстандық Назгүл Тахманова жүлделі бірінші орын мінберінен көрінді. Ал, Ақтөбеден келген Әйтеке Тәжібай мен атыраулық Айжан Бөлекбаевалар екінші орын иегерлері атанды. Сонымен қоса, атыраулық қос қыз  Жанат Саматқызы  мен Әйгерім Силықовалар   үшінші орынды қанағат тұтты. Қарағандылық Меруерт Аңсат пен батыс қазақстандық Айнабек Бисенғалиевтер байқаудың дипломанттары атанды.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button