Жарнама
Қоғам

Реформалар іске асуы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына қатысты маңызды бастамаларына жасалған баға өте орынды. Президенттің білім беру жүйесіне жаңашылдықтар енгізу туралы айтқан ойлары, әсіресе мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, заманауи технологияларды енгізу және мектептерді жаңғырту мәселелері – елдің болашағы үшін маңызды қадамдар екені сөзсіз.

Жеке сектордың білім беру саласында мемлекеттің қолдауымен дамуы, әсіресе жеке мектептер мен балабақшаларға қатысты ұсыныстары, білім беру нарығын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ағылшын тілі мен ІТ технологияларды оқыту, сондай-ақ жастарды заманауи мамандықтарға даярлау туралы айтылған ұсыныстар қазіргі қоғамның сұранысына сай. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауына септігін тигізеді. Бұл реформалардың іске асуы білім сапасын жақсартып, мемлекетіміздің жаһандық аренада танылуына ықпал ететін болады.

Жалпы, бұл пікірді толықтай қолдай отырып, білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңғырулар еліміздің дамуына маңызды үлес қосатынына сенемін.

Руслан ОРАЗҒАЛИЕВ,
жеке кәсіпкер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button