Жарнама
Қоғам

Референдум көп мәселенің түйінін тарқатпақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған референдум өткізу туралы ұсынысы – ел азаматтарының шешім, ұстаным, ой-пікірлерімен санасудың нағыз шынайы, анық көрінісі.

Ел тарихын жазуға әркім өз үлесін қоса алады деген сөз.
Жалпы, бұндай үрдіс, яғни, Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу – әлемдік тәжірибе. Демократиялы елдің алдыңғы қатарында Швейцарияны айтуға болады. Мәселен, бұл елдің азаматтары әр тоқсан сайын аймақтық және ұлттық деңгейдегі түрлі мәселелер бойынша референдум ұйымдастырады. Олардың қатарында елдік маңызы бар, халық үшін пайдасын тигізер сан сауал қамтылады. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар заңға, Конституцияға қатысты түзетулерге де тікелей араласа алады. Ол үшін 100 мың адамның қолын жинау қажет.
Сондықтан әлемдік демократия үрдісі бойынша біздің елде жүзеге асатын осынау маңызды бастама – мемлекет пен қоғамның байланысын жақындата түсетін үлкен мүмкіндік. Еліміздің болашағы үшін тұтастай халыққа ортақ жауапкершілік жүктейді. Бәріміз бірлесіп ат салысуымыз қажет.

Мақсот АБУОВ,
Атырау облыстық мәслихатының депутаты
 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button