Жарнама
Қоғам

Әр өңірде бір университетті үздік ету керек

Жастар биыл арманның асқарына жету мақсатында  үмітін үкілеп отыр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік ұрпақтары»  атты жастар жылына әкелік ақ бата беріп, тарих бәйгесіне қосуы біз үшін үлкен мәртебе. Елбасы тапсырмасымен  Үкімет «100/200» қағидасы бойынша «Жас маман» бағдарламасын әзірлейді. Үш жылда жоба еліміздің барлық өңірінде 200 мыңға тарта жас азаматтарымызды қамтиды екен. Оның аясында ең сұранысқа ие индустриалдық әрі сервистік 100 кәсіп бойынша жетілдірілген 200 оқу орны базасында мамандар даярланады деген жаңалыққа қуанып қалдық.

IMG_5860-24-01-19-02-18  Осы орайда Мемлекет басшысы әр өңірде бір университетті үздік ету керектігін атап өткені де көкейімізге қонды. Өзіміз оқыған білім ордаларының мәртебесінің биік болғанын қалаймыз, әрине! Жастар жылында бастау алатын «Жас маман» бағдарламасы жастарға кездесетін қиындықтарды бұзып-жарып өтетін жас тұлпардың қуатын бергей!

Университетті бітірген жастардан еңбек өтілін сұрап, басқа да толып жатқан құжаттарды талап етіп, қызметке алғысы келмейтін мекемелердің бар екені жасырын емес.  Ендігі жерде осындай қағазбастылыққа нүкте қойылса екен. Ал, жастарымыз ешқандай алаңдамай білім алып, өз Отанының кірпіші болып қалануы тиіс.

Самал ТӨЛЕПОВА,

жас маман.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button