ОЙЫН АЛАҢЫНДА – ОҚЫТУШЫЛАР

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушылардың қатысуымен дәстүрлі 63-ші спартакиада өткізілді.

Ректор кубогі үшін болған тартыс спорттың жеті түрін, атап айтқанда, баскетбол, волейбол, кіші аяқ добы, шахмат, мылтық ату, үстел теннисі, арқан тартыс ойындарын қамтыды. Аталмыш спартакиадаға ректорат бөлімі және  факультеттер  құрамалары белсенді қатысты.    Баскетбол мен волейбол ойындарында ректорат бөлімі сәтті ойын үлгісін көрсетті. Шахматтан жаратылыстану ғылымдары факультетінің ойыншылары алға суырылып, жоғары нәтижеге ие болды.

Үстел теннисінен бірінші орынға психология, педагогика және өнер факультеті қол жеткізді. Арқан тартуда экономика және құқық факультеті құрамасының бағы жанды.

Мылтық атудан психология, педагогика және өнер факультетінің мергендері үздік деп танылды. Ал, футзал бойынша ректорат бөлімі жеңімпаз атанды. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен марапатталып, кубок табыс етілді.

Абай Абылайұлы,

университет студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз