Жарнама
Қоғам

Құрбан айт: Атырауда 60 келі палау таратылды

Атырау қаласында Құрбан айт мерекесі аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ізгілікке негізделген бұл игі іс-шараны Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының “Дүнген” этномәдени бірлестігі қолға алды.

img 7829 2
Screenshot

Мерекелік жиын барысында 60 келі палау дайындалып, қала тұрғындарына бауырсақтар мен тәттілер таратылды. Қоғамдық шара қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, бірлік пен бауырмалдықтың жарқын үлгісіне айналды.

img 7833
Screenshot

Сонымен қатар шара аясында «Вершина» мәдени демалыс орталығының әртістері сахналаған «Қадырдың бақыты» атты қойылым көпшілік назарына ұсынылып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Мерекелік кеш барысында аз қамтылған отбасыларға киім-кешек пен аяқ киімдер таратылып, әлеуметтік қолдау көрсетілді.

img 7831
Screenshot

– Құрбан айт – тек құрбан шалатын күн емес, бұл – мейірім мен қайырымдылық, бірлік пен бауырластықтың белгісі. Осындай рухани шаралар ел ішіндегі татулықты нығайтып, қоғамда тұрақтылық орнатуға сеп болады, – деді “Дүнген” этномәдени бірлестігінің төрағасы Хаят Жапаров.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button