Атырауда екі күндік жәрмеңкеде 10 тонна көкөніс сатылды

IMG 20190903 WA0046 Жаңалықтар

Atr.kz/3 қыркүйек, 2019 жыл. 30-31 тамыз күндері  «Сарайшық» коммуналдық базарында және «Мұнайшы» стадионында жергілікті тауар өндірушілердің дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңкеде  көкөністер мен жемістер, жұмыртқа, бал, ет және сүт өнімдері сатылды.  Сондай-ақ, жәрмеңкеде жұмыртқаны 23 теңгеден, картопты 90 теңгеден, пиязды 70 теңгеден алу мүмкіндігі болды. Шараға 27 жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері қатысты.

– Барлығы 52 тонна көкөніс, 600 келі шошқа еті мен тауық еті, 1 тонна сүт және 50 келі шұжық өнімдері ұсынылды.  Көкөністер мен жемістер сұранысқа ие болды, – дейді Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Даулетов.

IMG 20190903 WA0041
IMG 20190903 WA0042
IMG 20190903 WA0043
IMG 20190903 WA0044
IMG 20190903 WA0045

Atr– Ақпарат”

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз