Жарнама
Қоғам

Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда

Атырау облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қыркүйектің 1-інен қарашаның 1-іне дейін республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Бұл шара аясында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарда тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық рейдтер ұйымдастыруда.

Іс-шара басталғалы бері облыс аумағында 28 824 тұрғын үй мен 400-ге жуық қыстақ пен шаруа қожалығы тексерілді. Жалпы қалада 1694 қыстақ бар екені белгілі. Аралау жұмыстары барысында 50 заңсыз жалдамалы пәтер анықталса, қару сақтау ережесін бұзған 6 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында да бірқатар шаралар атқарылды. Қоғамдағы тәртіпті бұзған 80-ге жуық жасөспірім анықталып, тиісті шара қолданылды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзған 2000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінде №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген мекенжайлардағы шаруа және фермер қожалықтарын, ауыл шаруашылығы алқаптарын, қыстақтарды аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп жатыр.
Республикалық «Учаске» іс-шарасы – полиция мен тұрғындар арасындағы өзара сенімді нығайтып, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір көрінісі.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button