Жарнама
Қоғам

Қиындықтан сабыр мен төзім алып шығады

«Береке» ауылы Құлсары қаласын Жем өзенінің суы басқанда табиғаттың дүлей апатынан аман қалды. Ауылдың орналасқан жері өзен суының деңгейіне жуықтағанмен, тұрғындардың ауызбірлігінің нәтижесінде тасқыннан қорғап шықты. Қиын шақта жоғары көрсеткішке қол жеткізу тек халықтың бірлесе қимылдауының арқасында жүзеге асатынына бұқараның көзі жетті.
–Қазір елімізде су тасқынына байланысты келеңсіз оқиғалар орын алып жатыр. Үйлер суға кетіп, халыққа ауыр тиіп тұр. Осындай шақта бірлік керек! Жұдырықтай жұмылғанның арқасында тасқын суды бөгеп, жеңгендей болып отырмыз. Бірінші кезекте сабыр керек. Келеңсіз шақтың тез өте шығатынына үмітіміз зор, — дейді ауыл тұрғыны Түнғатар Лұқпанов.
Қазір Жылыой ауданында тасқын судың келтірген зардаптары пысықталып, нақты іс-шаралар жасалуда.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button