Жарнама
Қоғам

Қазақстандағы жол мәселесі шешімін таба ма?

«Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек» — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында. 

Сондай-ақ, былтыр елімізде құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырым жолды құраған болатындығын айтып, мұндай көрсеткішті рекорд деуге келетіндігін жеткізді.

Біз үшін әсіресе Атырау – Астрахан күре жолдарының жұмысы біткені облыс деңгейіндегі аса бір ауқымды жұмыс болды деп есептеуге болады. Ендігі жерде екі мемлекет арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жеңілдеткені анық.

Жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын жаңа жол жобалар кезең-кезеңімен іске асырылатын болатын болды. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. 2025 жылы құрылысы басталатын жобалар аясында «Атырау – Доссор» арасындағы 86 шақырым жол қарастырылмақ.

Демек бұл деген сөз жергілікті бизнес мен кәсіпорынлдардың қарқынды дамитынын білдіреді. Көпжолақты болып жатқан жол көлік апаттарының азаюына ықпал етеді деген сөз.

Автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту медицинаны және білім беру мекемелерін, азық-түлік дүкендерін, сондай-ақ көптеген нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, еліміздің жағдайын оңтайлауға бағытталмақ.

А.ӨТЕГЕН,

Мақат ауданының белсендісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button