Нөмірге тапсырма қалай орындалды?

1731 al juab koran berbahasa melayu pertama "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

«Атырау» газетіне мені кезінде Тасмұхан Тінәлиев деген жазушы ағамыз жұмысқа алып келді. Бірнеше кітабы жарық көрген Тасмұхан аға мықты жазушы болатын. Еңбек  жолымның  ең керемет жылдары өткен «Атырау» газетіндегі әр күнім үшін сол кісіге әлі күнге дейін  рахметімді айтып отырамын.

1731-al-juab-koran-berbahasa-melayu-pertama

Редакцияға келгеннен кейін ұзақ жылдар мәдениет бөлімінде жұмыс істедім. Талай белгілі өнер қайраткерлерінен сұхбат алдым. Атақты Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішевтер бар. Кеңес Одағының екі дүркін батыры, ғарышкер Валентин Витальевич Лебедевпен де әңгімелесу бақыты бұйырды. Соның ішінде КСРО-ның Халық әртісі Роза Бағлановадан сұхбат алудың соншалықты қиынға түскені әлі күнге дейін есімде. Бірде Атырауда үлкен дәрежелі концерт өтіп, шараға Роза Бағланова арнайы келетін болды. Әншімен сұхбат нөмірге жоспарланды. Нөмірге тапсырылған материалдың жауапкершілігі қандай болатынын газет журналистері жақсы біледі. Ас-сусыз жүрсең де нөмірдің материалын уақытында тапсыру керек. Бұл бір талқыланбайтын бұйрық сияқты. Сөйтіп мен Роза Бағланованы ұшақтан түскен сәтінен бастап, «торуылдаумен» болдым.

Әуежай басында ол кісі «концертке кел, сұхбатты сол жерде беремін» деп шығарып салды. Концертке барғанымда «құлыным, сәл тоқтай тұр» деп күттірді. Концерттен кейін қонақасына кетіп қалды. Содан не керек, сұхбатты келесі күні сағат онда, қонақ үйде алатын болып келістік. Келісілген уақытта қонақ үйге жетіп барсам, ол кісі әлі ұйқыдан ояна қоймаған екен. Жарты сағаттай күтіп, ақыры болмаған соң, қонақ үйдің әкімшісінің жанында отырып, ішкі нөмірмен Роза Бағлановаға қоңырау шалдым. «Бір-екі ғана сұрағым бар, қысқа жауап берсеңіз жетеді» деп басталған әңгіме екі сағатқа дейін созылды. Осылайша, кейіпкеріме барып отырып, сұхбатты телефонмен алып қайтқан жайым бар.

Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ,

ардагер журналист, өлкетанушы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз