ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ АТЫРАУЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ (+фото)
ЕЛІМІЗДЕГІ ІРГЕЛІ ПАРТИЯНЫҢ БІРІ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ АТЫРАУ ФИЛИАЛЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ БІР ТОП ӨКІЛІН ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.
– Біздің партияның қызметін көпшілікке насихаттауда БАҚ қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз. Қазақстан Халық партиясы сіздердің қиын да қызықты жұмыстарыңызға әрдайым сәттілік тілейді. Үнемі жақсылықтың жаршысы болып жүре беріңіздер! — деді партия филиалының төрағасы Ерболат Дәулетқазиев. БАҚ қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегін атап өткен партияның белсенді мүшелері – Мұрат Лекеров, Хамит Тәшенов, Сәдіржан Жекеновтер де олардың қызметіне табыс тіледі. Атырау журналистикасының көш басында тұрған «Atyraý» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің қоғамдағы роліне ерекше басымдық берген бірлестік мүшелері мемлекеттік саясатты насихаттауда мерзімді басылымдардың қызметі жоғары тұратынын атап көрсетті. Сонымен қатар, қазіргі заманның тынысын бағдарлаудағы электронды БАҚ-тың жұмысын да назардан қалыс қалдырмауға тоқталды.
Лиза ШАЙХАШҚЫЗЫ