Қайырымдылық акциясы өтті

img 20220423 wa0005 Қоғам

      Мұсылмандардың қасиетті айы – Оразада «Еділ-Жайық» қарақалпақ этномәдени бірлестігі қайырымдылық акциясын өткізді. «Достық үйіне» ағылған 30 шаңырақтың өкілі азық-түлікке толы сый-сияпат алып, өздерінің ақжарма тілектерін білдірді. 

     Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған Гүләйім Бисенғалиева мен Лиза Мусаева, аз қамтылған отбасының анасы – Айнұр Кәлімбетова және басқалары бар. 

      – «Берген ас түске жетпес, ықылас-ниет естен кетпес» дегендей, біз бір дорба тағаммен бұл кісілердің мұқтажын өтей алмаспыз. Бірақ, Оразада олардың көңілін аулап, титтей де болса қайырымдылық жасау – біздің адами парызымыз, – дейді аталған бірлестік төрағасының орынбасары Жеткербай Пішенбаев. 

Лиза СЕЙТІМОВА

Суреттер мен видео автордыкі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз