«БЕЙБАРЫС» ЕСЕ ҚАЙТАРДЫ

Шайбалы хоккейден ел чемпионатының кезекті ойындарын атыраулық «Бейбарыс» командасы өз айдынында көкшетаулық «Арланмен» өткізді. «Арлан» осал қарсыластың бірі емес екендігін соңғы екі жыл қатарынан шебер ойыны арқылы көрсетіп келеді. Алғашқы күнгі кездесуде ойынның негізгі уақыты 5:5 есебімен аяқталып, ережеге сай матч овертайм кезеңіне ұласып, «арландықтардың» бағы жанды. Жеңіс шайбасын салған көкшетаулық қорғаушы – Бен О’Коннор.

Екінші күні кездесуде айдын иелері қалайда жеңіске жетуге құлшына кірісті. Айта кетсек, бұған дейін алты матч қатарынан атыраулық хоккейшілер қарсыластарға есе жіберіп келген болатын. Сол себепті, осы жолы «Бейбарыс» намысқа беріліп, үздік ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске жетті. Есеп – 3:1. Гол авторлары атанған – Мартин Херман, Лукаш Хвила, Павел Акользин және «Арлан» командасының шабуылшысы Марк Беланже. Кейін «Бейбарыс» өз айдынында өскемендік «Торпедо» командасын қабылдап, екі күнгі ойындарда 8:1және 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз